АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Қытайда өлім жазасы берілетін пара алу көлемі белгіленді

07ab79d3ce3fe65c88f3a1573cd1434e_LҚытайда қандай көлемде пара алғанда жемқорларға өлім жазасы кесілетіндігі белгілі болды. Бұл туралы RT агенттігі хабарлайды. Бұндай мәліметті елдің Жоғарғы халықтық соты мен Жоғарғы халықтық прокуратурасы берген. Енді $460 мыңнан астам көлемде пара алған адам өлім жазасына кесілетін болады. Бұл сома 2012 жылы Қытайдың қазіргі төрағасы Си Цзиньпин ұйымдастырған жемқорлыққа қарсы ауқымды кампанияның аясында белгіленді. Ресми статистикаға сәйкес, биылғы жылдың қаңтар айында ғана пара алғаны үшін 5000-нан астам шенеунік жазаланған. Ал 2015 жылы барлығы 50 мыңдай шенеунік жауапқа тартылған болатын.

Источник: http://www.24.kz/