АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАРТЫСЫНАН КӨБІНДЕ АРНАЙЫ БІЛІМ ЖОҚ

9039580Қазақстан бойынша 280 мың мектеп жасына дейінгі балалар балабақша кезегінде тұр, — деп xабарлайды Qamshy.kz Baq.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ЕҰУ-де өткен кездесуде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлімдеген. 

«Балабақша мәселесін бірден шешу мемлекетке оңайға тиіп отырған жоқ. Сондықтан оны тиімді шешу үшін жекеменшік балабақшалардың ашылуына мән беретін боламыз. «Балапан» бағдарламасынның аясы кеңейеді», — дейді министр.

Оның айтуынша, балабақшаларда жұмыс істейтін мамандардың да біліктілігін жетілдіру – күн тәртібінде тұрған мәселе. Қазіргі уақытта еліміз бойынша тәрбиешілердің 61 пайызының арнайы педагогикалық білімі жоқ. 

«Қамшы» сілтейді