АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

БЕСІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНАН СЕКСУАЛДЫҚ ЗОРЛЫҚ ЖАЙЛЫ ТЕСТ АЛҒАН

test16Қарағандыдағы №15 мектептің бесінші сынып оқушысының анасы хабарласып, мектепте қызы мен оның сыныптастарына «Балалар зорлыққа қарсы» атты тестілеудің өткізілгеніне шағым түсірді. Анасы тестілеудің сұрақтарының дұрыс емес екенін айтады, — деп хабарлайды Qamshy.kz Tengrinews.kz –ке сілтеме жасап

Ол бірнеше сұрақты мысалға келтірді: «Саған секс туралы видео көруге мәжбүрледі ме, журналдарда немесе компьютерде порнографиялық фотографиялар көруге мәжбүрледі ме?», «Денеңнің интим бөліктерін біреу түртті ме немесе бірдеңе жасауға мәжбүрледі ме?», «Қарсы болған кезіңде сенімен секспен айналысуға мәжбүрледі ме?».

Өз кезегінде ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер балаларға көрсетілген зорлық жағдайларының, ақша жинау деректерінің, сексуалдық зорлық жағдайларының көбейіп кетуіне байланысты тестілеулердің Балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитеттің тапсырысы бойынша өтіп жатқанын айтты. 

«Осы әлеуметтік зерттеудің аясында «Қазақстанның дағдарыс орталықтарының одағы» оқушылар арасында зорлық деректерін анықтау мақсатында анкета жүргізуді кеңес етті. Зерттеудің қорытындысы бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға және балаларға қатысты зорлықтың алдын алуға бағытталған құралдарды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленеді, — деп хабарлады ведомстводағылар. 

Министрліктегілердің айтуынша, осыған байланысты Алматы, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында үкіметтік емес ұйым мен білім беру органдары аноним тестілеудің жүргізіп жатқанын түсіндірді.

«Қамшы» сілтейді