Шалдай-Павлодар тас жолында Lada Granta көлігі аударылып, бір жолаушы көз жұмды. Бұл туралы облыстық ІІД жергілікті полиция қызметінің инспекторы Бибол Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
«Көлікті басқара алмай қалған 39 жастағы жүргізуші жолдың шетіне аударылған. Салдарынан 74 жастағы қария оқиға орнында ажал құшты. Сондай-ақ, тағы бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Жол апаты бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, — деді Б. Жұманов.
ҚазАқпарат