АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Ильинге менің мансап жолымды аяқтауға ешкім құқық берген жоқ — Владимир Седов

скачанные файлы (4)Ауыр атлетикадан әлем чемпионы Владимир Седов мансабындағы сәтсіздікке екі дүркін олимпиада чемпионы Илья Ильинді кінәлі деп есептейді. Бұл туралы Седов Instagram желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Vesti.kz.

Владимир Седовтың марапатталып жатқаны түсірілген суреттің астына ол «Илья Ильиннің менің спорттық мансабымды аяқтауға құқы жоқ еді!», — деп жазды.

Дегенмен Седов Ильиннің нақты қандай әрекетімен мансабына нұқсан келтіргенін айтқан жоқ. 

Сонымен қатар, ауыратлет Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионаты кезінде көрсеткен әрекеті үшін қазақстандықтардан кешрім сұрады.

Еске салайық, Седов 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсуі керек болған. Дегенмен, ол помостқа шығып, штанганы көтермейді. Мұның орнына ол жейдесін шешіп, қолында шайқап тұрып, «Міне сіздерге нағыз Олимпиада чемпионы!» деп айғайлайды. Кейін спортшы сыртқа шығып кетеді. Алайда Седов бұдан кейін қайта шығып, жейдесін алып, көрермендерге лақтырды.

Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/a