Қазақстан үкіметімен бекітілген «Терроризмге қарсы күрес туралы» заңының 21-1 бабы аясында лаңкестерді жерлеу тәртібі қарастырылған деп жазады «NewTimes.kz» сайтына сілтеме жасаған skifnews
Аталған құжатта көрсетілгендей, лаңкестік жасау барысында жарылып өлген немесе құқыққорғаушылар тарапынан өлтірілген содырлардың үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылып, олар арнайы белгіленген жерге жерленеді. Бұл моланың қайда екені және жерлеу рәсімі қалай өтетіні құпия сақталуы тиіс. Белгілісі, мазарда тегі туралы ешқандай мәлімет жоқ адамдар да жерленеді.
Дәрігер тарапынан қайтыс болғандығы туралы анықтама берілген соң, жерлеуді ұйымдастырумен айналысатын ұйымның әкімдігі тіркеу кітапшасына мәліметтерді жазып алып, лаңкес жерленген қабірге тіркеу номерін береді.
Тіркеу кітапшасына төмендегідей мәліметтер жазылады: жерленген жылы, айы, күні; қабірдің номері; туған жылы мен өлген жылы; дәрігермен берілген қайтыс болғандығы туралы анықтаманың номері, датасы және берген мекеменің атауы; жерлеуді ұйымдастырған ұйымның атауы мен мекен-жайы. Кітапшада өлген лаңкестің аты-жөні көрсетілмейді.
Ал, содырдың туыстарына дәрігерлер берген қайтыс болу туралы анықтаманың көшірмесі, сот-медициналық талдаудың қорытындысы және лаңкеске тиесілі тәркілеуге жатпайтын заттары беріледі.
https://www.nur.kz/