АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Жақсы келіннің он қағидасы[:]

[:kz]

UjYn7gk7IowКелінді келін демесең, жақсы болса – өз қызың. 

Күйеуді күйеу демесең, жақсы болса – өз ұлың.

 

 

 Қазақ келіні келген шаңырағына шуақ шашқан нұрлы, құт әкелуші ырысты, қолынан өнер тамған шебер әйел болуы керек. Ел арасына кеңінен таралған: 

«Салақ әйелдің үйінен сабақты ине табылмайды»,

«Олақ әйел оймақшыл»,

«Жібекті түте білмеген жүн етеді»,

«Олақтан салақ жаман»,

«Ана көрген тон пішер»,

«Қыз – еркем, кестесімен көркем», т.б мақалдар соны білдіреді.

 

 Қысқасы, келіннің келуімен отбасында оның әсері сезілер болсын. Келіннің қолынан татқан тамақ, ішкен шай бапты, дәмді көрінсін. Үйдің іші де бұрынғыдан гөрі жинақы, ыдыс-аяқ та бұрынғыдан гөрі таза, төңірек те бұрынғыдан гөрі ретті болсын.

Келген-кеткен тамсана: «Келіні жақсы үйдің – керегесі алтын деген рас-ау», –  десін!

 

Ал олай болуы үшін келін:

  • биязы, иманды,
  • ақ жарқын болуы керек,
  • ерін тыңдап,
  • ата-енесін құрметтеуі керек,
  • келген қонақты жылы жүзбен қарсы алып,
  • дәмді ас әзірлей білуі керек,
  • туған-туысты сыйлап,
  • кешірімшіл, кішіпейіл болуы керек,
  • үй шаруасына пысық,
  • қолынан өнер тамған шебер болуы керек.

Дайындаған: Балжан Нұрғалиқызы Қанапияева, ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог 

http://anabol.kz/

 

[:]