[:kz]
Кан қысымыңыз үнемі жоғары болса мына өнімдері күнделікті рационыңызға қосыңыз.
1. Майсыз сүзбе, жүректі нығайтып, қан тамырларының кеңеюіне ықпал етеді, кальций, магний және калий сынды дәрумендерге өте бай. Күн сайын, кем дегенде 100 грамм сүзбе тұтынуыңыз қажет.
2. Қызыл болгар бұрышы С дәруменінің рекордтық көлемін қамтиды. Артериялық гипертониямен ауыратын науқастар оны көп мөлшерде пайдаланады. Күн сайын жаңа піскен екі болгар бұрышын жеп жүрсеңіз, онда ол сіздің ағзаңыздың С дәруменіне қажеттілігін өтейді.
3. Албырт балығы, омега-3 пен май қышқылдарына өте бай, осныңы арқасынад қан қысымын төмендетуге көмектеседі. Аптасына 3 рет 100-150 граммнан пайдалану қажет.
4. Сұлы ботқасы, күнде таңертең гипертониялық науқастардың мәзірінде болуы тиіс тағам. Зерттеулердің нәтижесінде сұлы ағзаны селенмен толықтыру көзі екені дәлелденген.
5. Асқабақ тұқымы мырыш тапшылығын реттеп, инфарктті алдын алады. Күніне 20 грамм тағам орнына жеп жүру жеткілікті.
6. Какао тамырлардың жағдайын жақсартады. Бірақ бұл жоғары калориялы сусынға жатады. Сондықтан, аптасына 1-2 шыныаяқ жеткілікті, одан артық болмайды.
7. Майсыздандырылған сүтте калий, кальций, магний дәрумендері бар, осы дәрумендер гипертониялық жағдайды жақсартуға көмектеседі. Күніне 3 стақанға дейін ішуге болады.
8. Ашшы шоколад жүрек бұлшықеттерін нығайтады, құрамындағы антиоксиданттардың арқасында қан қысымын 5-10 мм дейін төмендете алады. Көп мөлшерде пайдаланудың қажеті жоқ.
9. Бадам құрамындағы моно-майлардың арқасында холестерин деңгейін төмендетеді. Бұл жаңғақта калий, магний және Е дәрумені бар, осы дәрумендер қан қысымын төмендетуге жеткілікті.
10. Көк шайды тұрақты түрде пайдалану холестерин тығынын ерітеді, құрамында антиоксиданттардың көп мөлшері бар, ағзаның қартаю процесін баяулатады. Жапонияда гипертониямен ауыратындар өте аз, мұның себебі жапондықтар көк шайды көп тұтынады.
Дайындаған: Әбдімәлік Сайтбеков
http://anabol.kz/
[:]