[:kz]
Пенде дегенің не нәрсеге қолы жетпесе, соған құштар келмей ме?!
— Араның адамнан айырмашылығы болсайшы… Жиған байлығың да бал секілді. Күндердің күні малтығып өлесің. — Айырмасы көп, апа… Араның байлығы адамдар үшін, ал біздікі… біздікі өзіміз үшін ғана.
— Адамның қателігі кемшілік жіберуінде емес, сол кемшілікті кешіктірмей түземеуінде.
— Неге біз осы оқта-текте жылап алмаймыз?.. Неге?
— Неге біз осы өзіміздің бұл әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді мойындамаймыз… Неге біз осы қатыгез де, қасиетсіз болып кеттік?..
… дені сау, төрт құбыласы тең пенде шіркін үшін бұдан артық азап бар ма, бұдан артық тозақ бар ма, Тәңірім! Жоқ еді, жоқ еді… аурудың ең бір асқынған түрі де осы — жалғыздық атты жалмауыз-ау…
— Неге біз осы бұл дүниенің барлық мүлкін арғы дүниеге арқалап кетердей, мұрнымыздан қан аққанша жиямыз, а? Айтыңдаршы, ағайын, салт басым, сабау қамшымнан басқа түгім жоқ менің сендерден қай жерім кем? Кімнің тұнығын шайқаппын, кімдердің ырысын ішіп тауысыппын?! Соншалықты неге жек көресіңдер? Мен – талантпын. Менің білетінімнің, тәңірім-ау, бес процентін игерсеңдер, әлдеқашан данышпан болып әлемнің билігін қолдарыңа алмайсыңдар ма?
— Неге бiз осы итжандымыз, басқа қаңқ еткiзiп теуiп жiберсе де, қыңсылаған күйі «иемiздің» етегіне оралып, аяғын жалаймыз?!
— Адам баласын құртатын — Ой емес, Ойсыздық шығар…
— Неге біз осы өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, қысқасы — өтірік өмір сүреміз, а?..
Дереккөз:Оралхан Бөкей
Дайындаған: ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог Балжан Нұрғалиқызы Қанапияева
http://anabol.kz/
[:]