АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Шешiнген судан тайынбас[:]

[:kz]

asel-audanbaeva«Әсел, саған журналист болу керек. Радиодан сөйлесеңші. Даусың қандай ащы…» деген сөздерді бала кезімде көп еститінмін. Ал мен болсам, қолыма қалам мен микрофон алуды армандаппын. Мектепте анкета толтырушы едік қой. «Кім болғың келеді?» дегенде «водопад» деп жазыппын. Адвокат дегенім ғой. Мені түсінген шығарсыздар? Құқық қорғаушылардың формасына қызығатынмын. Сондықтан осы салаға барғым келді. Бірақ мүмкіндігім болмады… 116 балл жинап филфакка түсіп кеттім. Білесіз бе, мен мұғалім болуым керек еді. 4 жыл ҚазҰУ-ды бітіргеннен кейін мамандығым бойынша жұмысқа бармадым. Әдейі бармадым. Өйткені, менен мұғалім шықпайтын еді. Шын беріліп істемеген жұмыс нәтижесіз болады емес пе? Өмірімдегі алғашқы таңдауымнан қателеспегеніме қазір қуанамын. Сонымен журналист болам деп шештім. Бірақ қалай? Қайда барам? Кім үйретеді? Телевидениенің иісі мұрнына бармаған қызды кім жұмысқа алады деп ойладым. Шешінген судан тайынбас деп, түйіндемем мен дипломды алып облыстық арнаға тарттым. «Снх», «зкт», «интершум» деген сөздер құлағыма түрпідей тиетін. Кассетамен түсіріп, магнитофоннан «снх» тыңдаған журналистердің соңғы ұрпағы біз шығармыз деп ойлайтынмын ))). Сол кездегі «Қазақстан-Ақтау» арнасының директоры Жанахмет Жәнібекұлына алғысым шексіз. Қанатымды сындырмай, бетімнен қақпай журналистика әлеміне жол көрсетті. Мен үшін есігі тарс жабық, қараңғы әлемнің саңылауын таптым ғой әйтеуір…)))) Ақпарат айдыны мені өгейсітпеді, жатырқамады. Міне, содан бері 4 жыл уақыт өтті. Мен енді өзімді басқа салада елестете алмаймын. Иә, қыз бала үшін оңай емес. Бұл шындық. Мен ата-анам мен бауырларымсыз өмірімнің мәні жоқ дейтін жанның бірімін. Бірақ таңдау түскенде журналистиканы қалап, олардан жыраққа кеттім. Оған өкінген кезім болған емес. Осы салада жүріп талай адамның тағдырын көрдім. Біреулердің қайғысы мен қуанышын бөлістім. Қазір бір ғана мамандық иесімін дей алмаймын. Журналистер түрлі саланы меңгереді. Кез келген маманның рөліне кіреді. Сиқырлы журналистиканың сыры осында ұққанға. Қазір журналистика менің жаным мен жүрегім деп сеніммен айта аламын!

Источник: http://24.kz/kz/

[:]