[:kz]
Әзірбайжан толқып жатыр. Халық билікке наразы. Нақтылай түсетін болсақ , президент Ильхам Әлиевтің тым ұзақ мемлекет басқаруына қарсы. «Референдум неге қажет?
Бір Ильхам Әлиев үшін үшінші мәрте конститутцияны өзгерту керекпе пе еді?». Баку көшесіне шыққан жұрттың аузында тек осындай бір ғана сөз. Бір ескерте кететін жайт, Әзірбайжанда конститутция 2002 жыл өзгертілді. Ондағы себеп, кіші Әлиев үкіметтің басына әкелу үшін қажет болған еді. Ал 2009 жылы өзгерісте Әлиев әр президент сайлауы сайын додаға түсіп, өзінің биліктегі мерзімін өлшеусіз ұзартып отыруға мүмкіндік алған болатын. Ендігісі мынау. Егер 26 қыркүйектегі жалпыхалықтық референдумда халық конститутцияны өзгертуге дауыс берсе, онда Әлиевтің президент тағындағы 5 жылдық мерзімі 7 жылға ұзармақ. Сондай-ақ өзгеріске түсетін басты заңда бірінші вице -президент және вице -президент орындары қарастырылған. Сонымен қатар, парламент сайлауына түсуге 18 жастан бастап, ал президенттік сайлауға 35 жастан бастап түсуге әзірбайжан азаматтары мүмкіндік алмақ. «Мұның бәрі Әлиевтің әулеті қалайда билікте қалу үшін жасалып жатқан өзгерістер. Бір отбасының мәңгілік тақта қала беруіне біз қарсымыз. Конститутция қазір Әлиевтер үшін билікті бір адамнаның қолынан екінші адамға беру құралына айналды» деседі көшеге шыққан оппозициялық топ. Әзірге халық өз наразылықтарын көшеге шығып айтуда. Ал мұның арты неге апарып соғады, әзірге белгісіз. Ильхам Әлиев 2003 жылдан бері президент. Оның осы тақта отырған үшінші мерзімі 2018 жылы бітпек. Бірақ 2009 жылғы конститутциялық өзгеріс бойынша ол президенттік сайлауға түсуге хақылы. Демек Әлиевтің мәңгілік президент болуына жол ашылып қойылған деуге болады. Бірақ жалпы халықтық нарызылық түбі оны осы орнында қала беруіне пұрсат бермейтін сияқты…
Айнұр Қазыкенова
http://aikyn.kz/
[:]