[:kz]
«Сізді елдегі қандай мәселе қаттырақ мазалайды» деген сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың көпшілігі «Қазақстанда радикалдық топтардың пайда болуы мазалайды» депті.
«NewTimes.kz» агенттігі 1400 адам қатысқан сауалнама ұйымдастырыпты.
Сауалнамаға қатысушылардың үштен бірі ― 35,1пайызелдегі радикалдық топтар, салафиттер мен уахабистердің қаптап кеткенінен қауіптенетінін айтыпты.
Дауыс бергендердің 29,8 пайызы қауіптілігі жағынан террористерден қалыспайтын Қазақстандағы тағы бір ірі жамағат — жемқорлар мен парақорлардан мезі болыпты.
Елдегі қалған мәселелер ұсақ-түйек екен.
Азық-түлік бағаларының көтерілуі, Экспоға жұмсалатын зейнетақы қорының ақшасы деген мәселелер «сақалдылар мен жемқор-парақорлардың» жанында түк емес екен.
365info.kz Сараптама. Зерттеу. Жаңалықтар
[:]