АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Берік Әбдіғали: Қазақ тілі мәселесін шешпесек, ол да терроризмге әкелуі мүмкін[:]

[:kz]

1391415456_berik70Терроризм дiннің ғана атын жамылмайды, ол мүмкiндiгiнше қоғамдағы наразы тұстарын пайдаланып қалғысы келеді.

Астанада өтiп жатқан «Қазiргi кезеңдегi экстремизм мен терроризмнiң алдын алу мен жолын кесудiң заңнамалық және институционалдық шаралары» жиынында қоғам қайраткерi Берiк Әбдiғали осындай пiкiр бiлдiрдi, деп хабарлайдыBNews.kz.

«Терроризм мен экстремизм тек қана дiннің атын жамылмайды. Бүгiнгi күнi ол мүмкiндiгiнше қоғамның наразы тұстарын пайдаланып қалғысы келеді. Әлеуметтiк мәселенiң де атын жамылады, керек десеңiз, ертең тiл мәселесiне де араласады», — дейдi Берік Әбдiғали.

Оның пiкiрiнше, бүгiнгi қоғамдағы қазақ тiлi мәселесi шешiлмесе, ол да экстремизм мен терроризмге әкелуi әбден мүмкiн.

«Қазақ тiлi мәселесiн шешпесек, үлкен саяси проблемаға айналуы ықтимал», — дейдi қоғам қайраткерi.

Берік Әбдiғалидiң пайымдауынша, тiл, бiлiм саласындағы реформаларды жер мәселесi сияқты қоғам болып талқылау қажет.

«Мәжiлiстiң осындай бастамасына тек қолдау көрсетiп, қоғамдағы мәселелердi талқылау керек. Сонда ғана экстремизм мен терроризмнiң алдын аламыз», — деген сенiмiн бiлдiрдi ол.

/kaz.365info.kz/

[:]