[:kz]
|
Бұл туралы «КАРАВАН» газетінің тілшісі хабарлады.
Әнесов 2011 жылы сауда орнын салу үшін Темірбанктен несие алған. Бірақ оның үстеме ақысы тым жоғары болып, үш жылдан кейін Сбербанкке ауыстырыпты. Ол жерден 2017 жылға дейін бөліп-бөліп 30 миллион теңге алуға келіскен. Бірақ өткен жылдың сәуірінде қалған 9 миллионын алуға барса, бермей қойыпты. Осыдан кейін кәсіпкер банк өзінің келісім-шарттағы міндеттемесін орындамады деп ұйғарған. Өйткені қаржы ұйымындағылар несие беруді келісілген мерзім аяқталмай жатып тоқтатып отыр. Бірақ банк айтқанынан қайтпады. Сондықтан Әнесов «ендеше мен де өз міндеттемемді орындамаймын» деп, несиесін ай сайын төлеуді доғарған.
Бұл текетірестің енді бітетін түрі көрінбейді. Сол себепті кәсіпкер басқа емес, тура Путиннің өзіне хат жазған. Онда Әнесов: «Ресей банкімен арада болған түйткілді шешіп беруіңізді сұраймын. Өйткені мен Сізді мемлекеттің әділ басшысы деп санаймын» депті. Енді ол Ресей президентінен бір жауап болар деген үмітпен отыр.
http://kaz.caravan.kz/
[:]