АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Серик Кудайбергенов. Пәтерлер жас отбасылар үшін қолжетімді болды[:]

[:ru]

bez-nazvaniya-1«Мәңгілік Ел – бұл идея, ертеңгі күнге жол ашады,

болашаққа деген сенімді білдіреді,

 бұл берік тұрақтылықтың символы …»

 

Н.А. Назарбаевтың
2014 жылғы 15 желтоқсандағы сөзі

 

 

Біздің өткенімізді көзге елестету қиын – КСРО тұсында өмір сүрген қиын жылдармен, қазіргі Қазақстандағы көркейген өмір деңгейімен салыстырсақ тура осындай пікірге келесің.  Әрбір қазақстандық отбасындағы автокөлік қазіргі кезде байлықтың бұйымы емес, қозғалыс құралы ғана болып қалды. Ал енді алдағы уақытта пәтерлер қол жетпейтін армандардың қатарынан шығып қалады. Қазір Алматы нарығында бір бөлмелі жаңа пәтерлер жас отбасылар үшін қолжетімді болды, қисынды бағамен сатып жатыр. Тәуелсіздік жылдарында тек Жамбыл облысында ғана 97 жаңа мектеп пайдалануға беріліпті, ал білім беру саласындағы қаржыландыру көлемі 34 есеге ұлғайып, 2 миллиард теңгеден 90 миллиардқа дейін өскен. Елімізде педагогтар мен дәрігерлерге деген көзқарас өзгеріп, жылы ілтипатпен қарайтын болды. Әр жерлерде жаңа мектептер, бала бақшалар мен ең соңғы медициналық құралдармен жабдықталған ауруханалар салынып жатыр.

Тіпті, заманауи ауруханалар мен емханалар тек облыс орталықтарында ғана емес, шалғай аудандарында да ашылып жатыр. Көрші елдерде дәрігерлер мен мұғалімдер жұмыс таба алмай, жұмыс орындары  қысқарып жатқан болса, Қазақстанда керісінше, осы саланың мамандарына сұраныс көп. Мұндай заманауи ауруханалардың үлгісі ретінде  Алматы облысы, Талғар ауданындағы Есік қаласындағы  магнитті-резонансты томографтан бастап  әрбір дәрігердің алдындағы компьютерлерге дейін жабдықталған емдеу мекемесін атауға болады. Ал бұл шалғайдағы аудан орталығы.

Тәуелсіздік жылдары ішінде ЖІӨ-нің долларға шаққандағы өсімі жиырма есеге артып, орташа дамыған еуропа елдерінің деңгейіне жетті, деп атап өтті президент Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың мамыр айында Елордада өткен Астана экономикалық форумындағы баяндамасында. Осы жылдар ішінде Қазақстанда шамамен екі миллионнан астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Сондықтан, Қазақстанды еңбек елі деп атасақ, онда тұрған ешқандай ерсілік жоқ.

Қоғамдық әл-ауқат қоржынына сүбелі үлес қосып жатқан Қазақстанның оңтүстік астанасы, біздің сүйікті қаламыз Алматы. Z/Yen Group лондондық консалтингтік фирмасының мәліметі бойынша, Алматы, биыл Мәскеу, Санкт-Петербург, Прага мен Хельсинки сияқты әлемдік қаржы орталықтарының артқа тастап, рейтингте жетпісінші орынға дейін көтерілген екен. Бұл рейтинг бойынша Мәскеу — 84 орында, Санкт-Петербург – 85 орында, ал Прага -72, Хельсинки – 81-ші орынды иеленіпті. Егер бұдан жиырма бес жыл бұрынғы қаржылық шыңыраудан шыққанымызды еске алсақ бұл жаман көрсеткіш емес. Алматы бүгінде әдемілігі және маңыздылығы жағынан тек Астанаға ғана жол беретін, ТМД кеңістігіндегі ең жақсы қала десек артық айтпаймыз. Шындығына келсек, біздегі әдемі таулар Астананың өзінде жоқ. Жақында ғана өзінің мыңжылдығын атап өткен Алматы бүгінде шетелдік спорт делегациясын – 2017 жылы ақпанда ашылатын Универсиаданың қонақтарын қарсы алуға дайындалып жатыр.

Алтынорда

 

[:]