[:kz]
Осыдан 10 жыл бұрын Ақмола облысының Қоянды ауылына шеттен қоныс аударып келген қандастарымыз кәсіптің нәсібін көріп отыр. Қазір елді мекенде 1600 шағын және орта бизнес нысаны бар. Бірі дүкен ашса, енді бірі темір пеш шығаратын арнайы цех салған. Сол сияқты ата дәстүрді ұмытпай, қолөнер туындыларын жасайтын шеберханалар да жұмыс істеп тұр. Қояндыда ресми тіркеуде тұрған адамдар саны 8 мың. Алайда бейресми мәлімет бойынша қазір ауыл халқы жиырма мыңнан асады. Олардың жартысынан көбі Қытай мен Монғолиядан келген қандастар. Кәсібін ашып, пайдаға кенеліп отырған қарапайым азаматтар өз өнімдеріне сұраныс жоғары дейді. Ержан Кәрімхан, қолөнер шебері: — Жеріміз, үйіміз тар болып, 20 соток жер бергелі жатыр. Соған цехымызды салып, кеңейтіп, әрі қарай жұмысымызды дамытамыз. Райхан Ботан, дәнекерлеуші: — Жұмыс жақсы болғандықтан осымен айналысудамыз. Бұл жұмыс жаман болса, басқа жұмыс істеп кетер едік қой.
Источник: http://24.kz/kz/
[:]