[:kz]
Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев елден қашқанда өзімен бірге ала кеткен әйелі — Назгүл Толомушова „Минск„ қонақүйінің директоры болып тағайындалды.
Бұл қонақүй ресми түрді Беларусь президенті істері басқармасының қарамағына қарайды деп хабарлады ВВС-дің орыс қызметі.
Президент болған Құрманбек Бакиев 2010 жылдан бері қашқында жүр, қазір ол Беларусь Республикасының азаматтығын алып алған. Оған және оның жас тоқалы мен балаларына азаматтықты Беларусь президенті Александр Лукашенконың өзі ұсынған.
Ресми түрде Бакиев бір рет қана үйленген. Бәйбішесінің аты — Татьяна — ұлты орыс.
Ал Назгүл Толомушова Бакиевпен елден қашып кеткеннен кейін бір жылдан соң «Айат» қырғыз газетіне берген сұқбатында Құрманбек Бакиевпен 1995 жылдан бері азаматтық некеде тұрып жатқанын, одан екі баласы барын айтқан.
Бакиев 2005 және 2010 жылдары аралығында Қырғыз Республикасының президенті болған. Ол билікке төңкеріспен келіп, Асқар Ақаевтың орнын басқан еді
365info.kz Сараптама. Зерттеу. Жаңалықтар
[:]