АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ақтауда зорланған 6 жасар қызды енді Германиядан келген профессор емдемек[:]

[:kz]

Аimagesқтау қаласында зорланған алты жасар қызды емдеуге германиялық профессор шақырылды деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Министрдің айтуынша, баланың жағдайы әлі күнге дейін өте ауыр, сол себепті денсаулығына қатысты ешқандай болжам бере алмайды.

 «Қазір германиялық әріптесіміз профессор Хенсені көмекке шақырып отырмыз. Ол қыздың денсаулығын тексеріп, кеңес береді», — деді Дүйсенова үкімет отырысынан кейін.

Еске сала кетейік, алты жастағы қызды 20 тамыз күні Ақтау қаласында ұрлап әкетіп зорлаған. Бірнеше сағаттан кейін полицейлер ыстық өтіп, қансырап жатқан қызды тауып алады.

27 тамыз күні қыз облыстық балалар ауруханасынан Астанаға Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығына жеткізілді.

Источник kaz.365info.kz

[:]