АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Болат Әбіловтің әйелі қайтыс болды[:]

[:kz]

 

391632Белгілі кәсіпкер, кезінде саясатпен айналысқан Болат Әбіловтің әйелі — Айгүл Әбілова қайтыс болды. Ол ұзақ уақыт ауырған екен.

  1. Caravan.kz бұл қаралы хабарды Әбіловтің достарының Фейсбуктегі жазбаларынан білді.

    Олар осыны хабарлай отырып, кәсіпкерге көңіл айтқан.»Қайран, Айгүл! Талай дәм-тұздас болған, жан-жүрегі жұп-жұмсақ тамаша адам еді. Болат биылғы жаздың басында жүрегі қан жылап, «ем-дом жасалады деген біраз жерге апардым» деп айтқан еді. Ақыры болмаған екен… Бүгін (23.10.2016 ж. — ред) Айгүлдің сүйегі Цюрихтен (Швейцария) өзінің мәңгілік мекені — Алматысына жеткізілді. Ажалға амал нешік? Артында қалғандарға қайыр-берекесін берсін! Болат досыма қайғырып көңіл айтамын: тас-түйін жігіт едің, берік бол, бауырым!» депті журналист Ермұрат Бапи. 

    Әлеуметтік желіде саясаткер Әміржан Қосанов та көңіл айтқан. «Үйінде талай қонақ болып, қолынан дәм татқан едім. Ал қазақтар ешқашан дастарханнан аттап өтпейді, қолынан дәм татқызған адамды сатпайды» дейді ол.  

     

    kaz.caravan.kz

[:]