АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]2017 жылы Энергетика министрлігі 60-тан астам жер қойнауы учаскелерін аукционға шығарады[:]

[:kz]

40778b2696d4ec3250bc1b4368fde6ecҚР Үкіметінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен селекторлық отырыс өтті, оның барысында ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев Қазақстанның геологиялық барлау ісін дамыту жөнінде баяндама жасады.

Министрдің айтуынша, республика аумағында 270-тен астам көмірсутек шикізаты кен орындары тіркелген. Баланстық өндірілетін мұнай қорлары 2016 жылдың 1 қаңтары бойынша 4,847 млрд тоннаны құрайды. Олардың ішіндегі ең ірісі, елдің негізгі қорын (шамамен 75%) құрайтын – Қашаған, Қарашығанақ және Теңіз. Бүгінде жер қойнауындағы көмірсутек шикізаты бойынша қолданыстағы келісімшарттар саны 210-ға жетті.

«Министрлік геологиялық барлау ісіне инвестиция тарту үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында практикалық және нормативтік кешенді жұмыс жүргізіп жатыр», – деді Қ. Бозымбаев.

Оның айтуынша, министрлік «Еуразия» жобасына бастамашылық етіп отыр. Осы бойынша геологиялық барлау жұмыстары жүргізу кейіннен тереңдеу жатқан Каспий маңы ойпатын зерттеу үшін ұңғымаларды аса терең бұрғылау жоспарланып отыр. Кейбір ғалымдардың болжамына қарағанда, көмірсутектер 40 млрд тоннаға дейін шоғырланған. Қазіргі уақытта әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ-мен бірге Каспий маңы ойпатының, оған қоса Каспий теңізінің қазақстандық секторы аумағында көмірсутек тереңдігінің әлеуетін білу үшін геологиялық-геофизикалық деректерді талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, перспективалы учаскелерді белгілеп, барлау блоктарының портфелін құру жоспарланып отыр.

«Теңіз жобаларын жүзеге асыру белсендіріле түседі. Осылайша, министрлік Орта Каспий – Қаламқас-теңіз және Хазар лицензияланған кен орындарын бірлесе отырып игеру мәселесін қарастыруда, сондай-ақ ресейлік тараптан Орталық, Хвалындық және Құрманғазы кен орындарын бірлесе отырып игеру жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр», – деді Энергетика министрлігінің басшысы.

Бұдан бөлек, 2015-2016 жылдары көмірсутек шикізатын барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге екі конкурс өткізіліп, қорытынды шығарылды. Қорытындыға сәйкес 8 учаске бойынша жеңімпаздар бар. Қол қойылған бонустың жалпы көлемі 2,359 млрд теңгені құрады. Сондай-ақ, ҚР Үкіметі шаралары шеңберінде 2017 жылы министрлік аукционға тағы 60-тан астам жер қойнауы учаскелерін шығаруды жоспарлап отыр.

«2015 жылдың басынан бері 13 келісімшартқа қол қойылды, оның 8-і – барлауға, 2 келісімшарт – бiрлескен барлау мен өндiруге арналған және 3-еуі өндіруге арналған келісмшарт. ҚР инвестициялар және даму министрлігіне шөгінді бассейндердің аз зерттелген аумақтарындағы жер қойнауларына мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізудің мақсаттылығы және жеке инвесторларға одан әрі толық ауқымды барлау жүргізу жоспарымен беру мақсатында көмірсутек шикізатына перспективалы алаңдардың басым бөлігін босату туралы ұсыныс енгізілді», — деді Қ.Бозымбаев.

Министрдің айтуынша, жалпы алғанда өткізілетін іс-шаралар кешені Қазақстан заңнамасын әлемдік стандарттарға жақындатады және геологиялық саланың дамуы үшін қолайлы әкімшілік және фискалдық жағдай жасайды. Алайда, Министрліктің қорлардың орнын толтыруда көбірек пайда алу мақсатында жеке инвестициялар есебінен перспективалы учаскелерде толық ауқымды геологиялық барлау жұмыстарын қарқындатудың мақсаттылығы туралы ұсынысын қолдау қажеттігін де ескеру керек.

http://turkystan.kz

 

[:]