АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Адамды аңызға айналдыруға бола ма?[:]

[:kz]

96a1161c28b0faffe81093fd7400c1d3Жоқ, болмайды. Біз адасып жүріппіз. Өзіміздей адамды аңызға айналдырғымыз келген екен.   

Біз уахаб та, салаф та емеспіз. Бірақ, бәрібір де адасып жүріппіз. Байқайсыз ба, қазіргі заманның технологиясы алысты жақындатты, жақынды дос қылды. Жоқ, тым жұмсақ, бейкүнә сөз. Қазіргі заманның технологиялары адамның бет-пердесін ашты. Оның шын болмысын әшкереледі, кемшілігін көрсетіп берді. 

Біз аңыз санап келген адамдардың кемшіліктерін санамалап шықсақ он саусақ түгел бүгіледі екен.

Бір кездері біз аңыз санап келген адамдар бізден соншалықты алыс еді. Біз оларды кәдімгідей дәріптейтінбіз. Олар біз үшін пір еді. Олардың кітабын басымызға жастап, олардың айтқан сөздерін құлаққа құйып,  олардың сомдаған образдарын аузымыздан су құрығанша мақтайтын едік. Олар бізге күнәсіз періштедей елестейтін.

Бірақ, біз адасып жүріппіз. Өзіміздей адамды аңызға айналдырғымыз келген екен. Оның да адам екенін, оның қателесетінін, оның да жаңсақ басатынын ойламаппыз.

Анығы, қазіргі өмірде аңыз адам қалмады. Қазіргі өмір біз аңыз санап келген адамдардың аяғын аспаннан жерге түсірді.

Әлеуметтік желі, ғаламтор олардың небір айтуға аузы бармайтын әрекеттерін әшкереледі.

Сонда біз осы уақытқа дейін кімге «табынып» келдік? 

Олар бізге өмір сүруді үйретті.  Ал өздері қаншама рет қателескен? Олар бізге ақыл айтты? Ал өздері сол ақылдарының айтқанымен ешқашан жүрмеген.  

Адамды аңызға айналдырғаннан бір кемшілігі бар. Өзің бір пір тұтқан адамыңның кемшілігін кешіру қиын. Оның да адам екенін мойындау ауыр. 

Иә, біз адамыз. Біз жай ғана адамбыз…

365info.kz

[:]