[:kz]
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Eurasian Book Fair – 2016» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесінің салтанатты ашылуына қатысты.
Гүлшара Әбдіқалықова өзінің құттықтау сөзінде ҚР Президенті
Н.Ә.Назарбаев мәдениетті дамытуды мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі ретінде бекіткенін атап өтті. Біз мәдениетті басқарудың қазіргі заманғы үлгісін құрудамыз, ол Қазақстан Республикасының әлемдегі ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына енуіне ықпал ететін болады.
Бүгінде елімізде Мәдени саясат тұжырымдамасы табысты іске асырылуда. 700-ден астам баспалар мен кітап шығарушы ұйымдар жемісті жұмыс жүргізуде. 11 мыңнан астам кітапханалардың есігі айқара ашық. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша
жалпы көлемі 18 мың библиографиялық жазбаларды құрайтын Қазақ ұлттық электрондық кітапханасының қоры сатылап ұлғайтылуда. Бүгінгі таңда еліміздің әрбір 4-і азаматы оқырман саналады.
Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында өткізілді. Аталған мәдени-ағартушылық іс-шара ТМД, Еуропа және Азия мемлекеттерінің баспа, кітап саудасы, ғылым, білім беру және полиграфиялық компанияларын үлкен зияткерлік алаңға топтастыруға бағытталған. Кітап көрмесіне жақын және алыс шетелдердің 20 елінен, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қытай, Германия және т.б. елдердің 80-нен астам компаниясы қатысуда.
Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесін өткізу идеясы Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының аясында Астананы Еуразияның іскерлік, мәдени және ғылыми орталығына айналдыру бойынша іске асырылуда.
«Eurasian Book Fair – 2016» Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесін аралау барысында Мемлекеттік хатшы ұсынылған кітаптар экспозицияларымен танысты және көрменің Франкфурт, Мәскеу, Пекин сияқты ірі кітап көрме-жәрмеңкелерінің деңгейіне көтерілуіне тілектестік білдірді.
Алтынорда
[:]