АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Оралда бургерден уланғандардың саны 26-ға жетті [:]

[:kz]

bez-nazvaniya-5Орал қаласында кафедегі тамақтан уланғандардың саны 26-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Орал қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Мәдениет Танауовтың айтуынша, екі күн ішінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына осыншама адам түссе, соның біреуі — төрт жасар, енді біреуі — сегіз жасар бала, кәмелетке толмаған тағы төрт жасөспірім бар. Бәрінің де жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Олардың барлығы Д.Қонаев атындағы шағынаудандағы «М6» сауда үйінде орналасқан «Бургер стрит+» кафесіндегі тез дайындалатын бургерлермен тамақтанған. Қазіргі кезде жабық тұрған кафені тексеру барысында онда сатып алудан бастап өнімді өткізуге дейінгі санитарлық талаптардың сақталмағаны анықталды. Алған тауарларының сертификаттары, мал дәрігерлік құжаттары жоқ. Тамақтар кафеге таксимен жеткізіледі. Жұмыс жасайтындар да кілең жастар, санитарлық кітапшалары жоқ. Аспаздық біліктіліктері мүлдем сай келмейді. Бір сөзбен айтқанда, технологиялық процесс толықтай бұзылған. «Барлық мән-жай сынамалар қорытындысынан кейін белгілі болады. Қазірдің өзінде «Қабекешев Н.» жеке кәсіпкерлігіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», деді М.Танауов.

http://www.inform.kz/

[:]