АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Трамптың сайтынан АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салатыны туралы тармақ жоғалып кетті[:]

[:kz]

imagesДональд Трамптың сайлау алдындағы берген даулы уәделері оның ресми сайтынан жоғалып кеткен.

 

Бұл туралы BBC орыс қызметі хабарлайды.

Ол сайлау алды бағдарламасын таныстыру кезінде АҚШ-қа мұсылмандардың кіруіне тыйым салатынын айтқан еді. Алайда президент болып сайланғаннан кейін сол тыйым мен климат бойынша Париж келісімі туралы уәдесі жоғалып кеткен. Трамптың сайлау алды штабының өкілдері сайттағы өзгеріс туралы пікір білдіруден бас тартты.

Бейсенбі күні Трамп конгресс спикері, республикашыл Пол Райанмен кездесті. Ол салықты төмендетуге, Барак Обама бастаған денсаулық сақтау реформасын тоқтатуға күш салатынын және миграция мәселесімен айналысатынын айтты.

“Біз америкалықтар үшін бәрі керемет болу үшін барлығын жасаймыз”, – деді Трамп.

Мұның алдында миллиардер Ақ үйде АҚШ президенті Барак Обамен кездесіп, қызметтік өкілеттілік мәселелерін талқылаған. Ол Обамен кездесу өзі үшін үлкен құрмет екенін мәлімдеді. Бастапқыда 10 минутқа жоспарланған кездесу бір жарым сағатқа созылған.

stan.kz

[:]