[:kz]
Боранға байланысты Шығыс Қазақстан облысының аумағында екі жолдың учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақавтожол» РМК мәліметіне қарағанда, толассыз жауған қар мен боран салдарынан бүгін сағат 08:00-ден бастап барлық көлік түрлері үшін «Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолының 108-123 шақырымындағы Шемонаиха мен Ресей шекарасы аралығындағы жол жабық тұр. Сонымен қатар, сағат 06:00-дан бері «Өскемен — Зыряновск — Қатонқарағай-Рахманов бұлағы» автожолының 6-66 шақырымында да көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Республика бойынша қозғалысты шектеу картасына қарағанда, қазіргі уақытта еліміздің өзге өңірлерінде жолдар ашық. Автор: Руслан Ғаббасов
www.inform.kz
[:]