[:kz]
Жанна Орынбасарова алғаш рет жеке өмірі туралы сыр шертті. Әнші тұрмысқа шықпағанына өкінбейтінін, алайда әлі де отбасылы болудан үмітсіз емес екенін мәлімдеді.
Бұл туралы «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасында айтылды.
«Құдайдың қолында ғой барлығы. Адам тұрмысқа шыға ма, бес рет шыға ма, ол тек Құдайдың қолында. Мүмкін мақсат қойған болсам, баяғыда 5 рет күйеуге шыққан болар едім. Дегенмен қазіргі таңда күйеуім жоқ. Бірақ үмітім үзілген жоқ. Сондықтан да мүмкін» – деді әнші.
Ғұмырын жалғыз қызының тәрбиесіне арнаған әнші бұл жолда еш қиналмағанын айтты.
«Қызымды өсіріп, бағып-қақтым. Менің отбасым сол. Жалғыз болған жоқпын, әке-шешем, аға-әпкелерім бар. Бір жағынан, қолдайтын адамдарың болса қиын ештеңесі жоқ деп ойлаймын. Одан кейін ерің, зайыбың болған күннің өзінде, ол қолдау көрсетсе ғана шығармашылық адам ашылуы мүмкін. Ал егер ол қарсы болса, онда қиын деп ойлаймын», – деді ол.
Орынбасарова журналистика саласында қызмет атқаратын, өзін түсінетін бір жанның бар екенін жасырмады. Алайда:
«Керемет бір журналист, жақын жосым бар. Бірақ оған күйеуге шығам ба, шықпаймын ба деген сұрақ тұрған жоқ. Оны уақыт көрсетеді», – деп кесіп айтты әнші.
stan.kz
[:]