АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда тегін азық-түлік үшін шешінгендер жұрттың ашу-ызасын тудырды[:]

[:kz]

397996Алматыда тегін азық түлік үшін жалаңаш жүргендер туралы ақпарат әлеуметтік желіде 12 қарашада тараған еді. Оның видеосын белгілі журналист Ирина Советжанқызы Инстаграмдағы парақшасына салған

Видеодағы сөздерге қарағанда, аталған қаладағы сауда үйлерінің бірі шешініп кіргендерге 5 мың теңге көлеміндегі азық-түлікті тегін беретін акция жүргізген. Сондықтан адамдар осылай жалаңаш келіпті. 

Әлеуметтік желі қолданушылары осы шешінгендерді сөгіп жатыр деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай Фейсбуктегі парақшасында тіпті бұған наразылық білдіріп көшеге шығайық депті. «Ау, алматылық ағайын! Ертеңнен бастап, ең құрмаса, осы азғындыққа қарсылық шарасын бастайық! Бұл саясат емес қой, рұқсат беретін шығар… Арлы ұрпақ қажет маған!» дейді ол.

kaz.caravan.kz

[:]