АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Қазаққа арақ ішкізу – орыстың саясаты болған» – Әзімбай Ғали[:]

[:kz]

brodude-ru_9-09-2014_jp5mbbajnnfbh-300x188Кеңестік отарлаудың ең сұмпайы белгісі — қазақтарға арақ ішуді зорлап үйрету еді. Иә, дәл солай болатын. Бұл да астыртын жүргізілген саясат еді. Бұл не үшін қажет болды? Саясаттанушы Әзімбай Ғали осы турасындағы ой пікірімен бөлісіпті.

«Кеңестік кезеңде «исламның белгілерін» біржолата жою науқаны жүргізілді, сол кезгі жүйе қоғамның, оның ішінде қазақтың санасына «советтік өмір салтын» сіңдірмек болды. Оның ең тиімді жолы арақпен улау-тұғын.  Қызыл империяның бұл жоспары іске асқан жоқ, алайда. Үлгермеді. Империя құлап тынды.

Ол кез өтті, кетті. Кеңестік дәуірмен салыстарғанда қазіргі «тәуелсіз қазақтар» арақтан алыстап барады. Жөн және солай болуы тиіс.

Арақтан бір күнде арылған жоқпыз. Бірақ, 80-ші жылдардың ортасы мен 90-шы жылдардың аяғына дейін «қу арақ» дастарханымыздың төрінде тұратын.

Келген қонақты арақпен сыйлайтын едік. Арақ қойылмаса дастархан жұтаң көрінуші еді…

Алайда әрбір теріс дүниені уақыт өз елегінен өткізеді. Ол сұраныстан, қолданыстан қалады.

2000-шы жылдардан бері қарай арақтан алыстай бастадық.

Қазақ өзгерді. Қоғамдық өмірдегі арақтың рөлі мен орны төмендеді. Оның қадірсіз екенін түсіндік. Бұған ең алдымен елдің сөз жүзіндегі емес, іс жүзіндегі мұсылмандыққа бет бұруы, ұлттың сана-сезімінің өсуі және ең бастысы капитализм әсер етті.

Жоқ, рас. Қазақ тіршілік етуге көшті. Қыбырлады, жыбырлады.

Біз, арақтан толыққанды арылдық деп айтуға әлі ерте. Бірақ, арылып келеміз. Кеңестік дәуірдің сарқыншағынан құтылғанымызға қуануымыз керек. Бұл орыстан алыстап жатқанымыздың тағы бір белгісі», дейді саясаттанушы.

121

365info.kz

[:]