[:kz]
Қанат Исламның Алматыда өткен жекпе-жегі кешіне қатысты елді жаңылыстырған бес дерек жария болды.
Бұл туралы Руслан Меделбек Ғacebook-тегі жеке парақшасында жазды.
1. Қанат Исламның кездесуінің алдындағы пресс конференцияда үш белдік сарапқа салынады деді. Бірақ жеме-жемге келгенде екі белбеу алғанын көрдік. Оның қандай белбеу екенін әр басылым әртүрлі жазды.
2. «Ганалық Патрик Аллотейді WBA өзі таңдап, кездесу өткізуді міндеттеді» деді. Бірақ WBA бұл кездесуді ресми деп санаған жоқ.
3. «Қанат Ислам бұл кездесуде WBA-Fedelatin белбеуін қорғайды» деген. WBA Қанат Исламға атағын сәуірге дейін қорғау керек деп міндет қойған. Бірақ Қанат Ислам алты айда белбеуін қорғамағандықтан бұл атақтан айырылған. Демек, қазір Қанат Исламда «WBA-Fedelatin чемпионы» деген атақ жоқ
4. Бұл кездесуде жеңіске жетсе Қанат Ислам WBA рейтингінде үштікке енеді деген. Рейтинг екі рет жаңартылды. Бірақ әлі бесінші орында тұр.
5. «Кездесуде гонарар болады, бірақ ол жағы құпия» деді. Кез келген жекпе-жектің салмағы оның гонарарында. Жекпе-жекке шығатын боксшылар кездесуде алатын қаржысын бірінші кезекте жариялайды. Бұл кездесудің деңгейіне әсер етеді. Бірақ Ислам-Аллотей жекпе-жегінің гонарары сол күйі құпия қалды. Демек, гонарар болмауы да мүмкін немесе жариялауға тұрмайтын сома болған…
Ал талаңыздар, ал…
www.dalanews.kz
[:]