[:kz]
«Астана тазалық» мекемесі қаладағы аулалардың қардан тазаланбауына қатысты сынға жауап берді.
«Қардан аршу жұмыстарына азаматтардың көліктері кедергі келтіреді. Сол себепті бұл шаруаны уақытылы жасау мүмкін емес», — дейді кәсіпорын өкілдері деп хабарлады «Хабар-24» телеарнасы.
Естеріңізде болса, өткен жексенбіде түні бойы тынбай жауған қар қаланы ақ ұлпаға көмкеріп тастады. Сол себепті таң сәріден бастап елорда көшелерінде үлкен кептеліс пайда болып, тұрғындарды әбігерге салды. Ал соңғы күндері қыс қаһарына мініп, қатты аяздың салдарынан техника қатып жатыр.
Алтын Нұржумина, «Астана тазалық» ЖШС бөлімінің басшысы:
— Бүгін далада 40 градус аяз. Ал техника гидравликалық маймен жұмыс істейді. Сондықтан кейбір көліктер аяздан қатып қалды. Ауа райына байланысты осындай қиындықтар бар. Бірақ мұның бәрі уақытша.
365info.kz Сараптама. Зерттеу. Жаңалықтар
[:]