[:kz]
Астанадағы аулалардың бірінде Hummer соққан баланың анасы жүргізушінің сотқа берген жауабына түсініктеме берді деп, хабарлайды Today.kz.
Он жасар Антон Силаевтың анасы Анастасия Ли, Азамат Хасеновтың сотта айтқандарын «екіжүзділік» деп, ал жүргізушінің өзін «ұятсыз» деді.
«Оның айтқан деректерінің тоны теріс айналып, өзгертілген. Ол менің ұлыма ойыншық сатып әпердім дейді. Шын мәнінде, мен ауруханаға кетіп бара жатып, жолдан дүкенге кіріп, Lego конструкторын сатып алып жатқанымда, ол үстіне 1000 теңге қосқан. Қыркүйек пен қазан айында сатып алынған заттардың чегін көрсете аламын. Билеттерге қатысты да, айтарым: ЖКО болған кезде мен шетелдік сапарда болғанмын. Сондықтан тез арада қайту үшін, маған жоспарларым мен билеттерді өзгертуге тура келді. Сондықтан, жақын арада Алматыға ғана билет бар болып шықты. Мен ойланбастан Алматыға ұшып келдім. Ал олар маған Алматыдан Астанаға билет сатып алып берген болатын. Оның да чегі бар. Олар беттері бүлк етпестен, мені ЖКО болғаннан кейін, жеті күн өткен соң, келді дейді. Айтсе де, менің Астанаға үшінші күні келгендігімді дәлелдейтін билетім бар. Осы кездері мен ұлыма қанат байлап жетсем деп армандадым »,-деді Анастасия Ли.
Әйелдің айтуынша, балаларды қаққан Hummer жүргізушісінің жылдамдыққа қатысты айтқандарын, тұрғын үй кешенінің ауласында орнатылған бейнекамералардың жазбаларынан көруге болады.
«Сотта ол сағатына алты-жеті километр жылдамдықпен келе жаттым дейді. Бұл оның сандырағы. Оның жылдамдығының мүлде басқаша болғандығының айғағы, менің баламның ауруханаға ауыр жарақаттармен түскендігі. Ол сотта әкесінің мүгедек екендігін, анасының үй күтушісі екендігін алға тартып қоймайды. Менің аяушылық сезімімді оятқысы келе ме? Ол айлығының елу мың теңге екендігін, көлікті досынан алғандығын, өзінің жақсы адам екендігін айтып сандырақтады. Мен айтар едім, Hummer өте қымбат көлік. Соттың оны затына бола емес, жасаған ісіне бола жазаласа екен деп тілеймін. Себебі, менің жағдайым одан да қиын. Оның сотта айтқандарының бәрі екіжүзділік. Өзі барып тұрған ұятсыз адам», -деп айтты зардап шеккен баланың анасы.
Сондай-ақ, ол ЖКО жасаған жүргізушінің ауыр жаза алуына барымды саламын. Олармен бейбіт келісімге келе алмаймын деді.
«Мен ЖКО кінәлі жүргізушінің ауыр жаза алуына барымды саламын. Мен онымен бейбіт келісімге келе алмаймын», -деді Анастасия Ли.
Hummer аулалардың бірінде екі баланы соғып кетті
16 тамызда Астанадағы аулалардың бірінде екі баланы Hummer соғып кеткен болатын. Куәгерлердің айтуынша, қатты жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан көлік, футбол алаңындағы екі баланы қағып кеткен. Зардап шеккен балалар бірнеше жерлерінен жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
Балалардың ата-аналары мен жүргізушінің туыстары аталмыш оқиғаға қатысты әр түрлі болжамдар айтты
Жүргізушінің туыстарының айтуынша, балалар көліктің алдына жүгіріп шығып, көлік жүргізушісі тежеуішті басып үлгермей қалса керек. Алайда, зардап шеккен баланың анасы Анастасия Ли мұнымен келіспейді. Есесіне ол ІІД-не айыпталушылар жазадан құтылуға әрекетеніп жатқанын айтып, тағы да арыз түсірді.
Hummer жүргізушісінің балаларды қаққанға дейінгі камерадан түсірілген бейнежазбасы
Today.kz редакциясына тұрғын үй кешенінің ауласында орнатылған бейнекамералар жазбалары арқылы болған оқиға жайында түсінік беретін ролик келіп түсті. Жазбада көлік аулаға кіріп келе жатқанда, көлік тоқтайтын жаққа бұрылған тұста, бала атып шығады.
Анастасия Лиге арызын қайтарып алу үшін ақша ұсынған. ЖКО кейін, бір айдан соң, Hummer жүргізушісінің туғандары зардап шеккен Антон Силаевтың анасына арызын қайтарып алу үшін 400 мың теңге ұсынған. Бұл туралы баланың анасы Анастасия Ли Today.kz редакциясына мәлімдеді. Олардың ақша ұсыну туралы сөйлескен аудиожазбасы редакцияға берілді.
Hummer жүргізушісіне сот
Естеріңізге сала кететін болсақ, 16 қарашада Астана қаласында ЖКО байланысты, сот процесі басталған болатын. Іс бойынша, Азамат Хасенов айыпкер ретінде жауап берді. Зардап шеккен жақтан он жасар Антон Силаевтың анасы, Анастасия Ли сөйледі. Жүргізушіге ҚР ҚК 345-бабы, 2-тармағына сәйкес «Көлік қозғалысының техникалық ережелері немесе ЖЖЕ бұзып, абайсызда адам денсаулығына ауыр залал келтіргені үшін» деген айып тағылды.
Егер жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, көлік жүргізуге шектеу қойылып немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бұл бабтың санкциясы бойынша, тағы да екі мың АЕК айыппұл төлеу немесе сол көлемде түзету жұмыстарын жасау қарастырылған. Сондай-ақ, белгілі бір лауазымды орындарда отыруға және де қандайда бір қызметпен айналысуға үш жылға дейін тиым салынады.
Жүргізушінің өзі соттағы тергеу кезінде ЖКО туралы жағдайды баяндай келе, оның оқиға кезінде жүргізген көлігі досына тиеселі екендігін алға тартты.
Антон Силаев. Сурет жеке мұрағаттан
today.kz
[:]