[:kz]
Қаскелеңде атылған оқтан 17 жасар оқушы қаза тапты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Аталмыш факті ҚР ҚК 99 бабы бойынша тіркелген. Адам өлімі фактісі бойынша қылмыстық іс облыстың ІІД тергеу басқармасының өндірісінде жатыр және департамент басшылығының жеке бақылауына алынған», — делінген облыстың ІІД баспасөз қызметінің хабарында.
Сондай-ақ, ІІД ақпарынша, жастардың екі тобы 17 қараша күні Қаскелең қаласында төбелескен. Қаза тапқан оқушы ауыл мектебінің оқушысы. Оқиға орнынан гильза табылды.
«Қазіргі таңда кім екендері анықталды, екі жергілікті тұрғынды ұстау шаралары қолға алынды», — деді ІІД-де.
kaztag.kz
[:]