АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]АЗАН ШАҚЫРҒАНЫ ҮШІН ИМАМҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ[:]

[:kz]

14cc9bИзраильдің Е-Лод елдімекенінің әкімдігі осы қаладағы арабтардың қоныс тепкен Әш-Шәнир шағын ауданындағы әд-Дауа мешітінің имамы Махмуд әл-Фарға колонкадан азан оқығаны үшін 200 доллар көлемінде айыппұл салып отыр. Бұл жайында имамның ағасы осы елдімекендегі ән-Нұр мешітінің имамы Әліл әл-Фар «Анадолы» ақпарат агенттігіне мәлімдеді.

«Бұл жазаны әкімдік еш ескертпестен салып отыр», – дейді әл-Фар. Айыппұл салуға сол маңайда тұрып жатқан яһудилердің «азанның дауысы мазамызды алды» деген шағымдары себеп болған.+

Осы жерде айта кетуіміз керек, өткен аптаға дейін Израиль Парламентінде (Кнессет) азанды колонкадан шығаруға тыйым салатын заң жобасы талқыланып, кейінге қалдырылған болатын.

Бұған наразылық ретінде Ахмет әт-Тыби мен Әбу Арар есімді екі араб депутаты заң жобасын талқылау барысында Кнессетте азан оқыған болатын. Ал, әд-Дауа мешітінің имамы Махмуд әл-Фарға салынған айыппұл басқа бір заңды негізге алып отыр-мыс.

muslim.kz

 

[:]