[:kz]
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Алматы және Жамбыл облыстарында ауа райының күрт суып кетуіне байланысты автокөлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады жергілікті баспасөз.
Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы 30-35 градусқа дейін төмендеп кетті, облыс бойынша қоғамдық көліктің барлық түрлеріне шектеу енгізілді. Павлодар облысында «Омск — Майқапшағай» күрең жолының Кенжекөл ауылынан Шығыс Қазақстан шекарасына дейінгі аралықтағы жолы жабылды.
Алматы облысында «Алматы — Өскемен» автожолының қаладан Шығыс Қазақстан облысына дейінгі шекарасында қоғамдық автокөлік түрлерінің қозғалысы шектелді.
Жамбыл облысында «Алматы — Ташкент» жолында автокөліктің барлық түрлерінің қозғалысына шектеу қойылған. Өйткені бұл аймақта қалың қар жауып тұр.
24-25 қарашада Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында қар жауып, боран болады. Қазір бұл айтмақтарға арнайы ескерту жарияланды.
Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ
Туркiстан газетi
[:]