АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Темірлан АЛМАС. «ЕЛІМ МЕНІҢ!» ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР КЕШІ ӨТТІ[:]

[:ru]

li8xictgokiАлматы қаласындағы «Ғылым ордасы» РМК-нің концерт-залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай  студенттердің қатысуымен «Елім менің!» тақырыбында патриоттық әндер кеші өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған студенттер қойылымында Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасы және Ж. Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері өнерлерін көрсетті.  Бұл мерекелік шараны Алматы қаласы әкімшілігіндегі Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Ұлыс» ғылыми-зерттеу орталығы» қоғамдық қоры ұйымдастырып отыр. Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған  бұл шараның өтуіне Алматы қалалық «Жас Отан» жастар қанаты мен «Алматы қалалық музейлер бірлестігі» КМҚК мекемесі де атсалысты. 

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тарихи Жолдауында өте маңызды екі идея ұсынды. Оның біріншісі – «Мәңгілік ел», екіншісі – «Қазақ елі». «Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі» деді Елбасы Қазақстан Халқына Жолдауында.

Жалпыұлттық идея – бірлік, оны ұрпағымыздың бойына сіңіруде жатыр. «Ғылым ордасы» РМК-нің концерт-залында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай  ұйымдастырылып отырған «Елім менің» патриоттық әндер кешін өткізудегі басты мақсат – елдік сананы қалыптастырып, отансүйгіштікті негіздеу. Жастарымыз осы бағытта тәрбмеленіп жатыр. Бұл тұрғыда Елбасы жастарға үлкен сенім артып отыр. «Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – ел бірлігі болу керек. Осынау жалпы ұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре беруге тиіспіз» деген Елбасы сөзі жастарды қанаттандыруда. Татулығы мен ынтымағы жарасқан елдің болашағы да табысты, ертеңі берекелі болады.  «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыру барша қазақстандықтарға, әсіресе, бүгінгі және келешек ұрпаққа үлкен сын, зор мәртебелі іс болмақ.

         Концерттік бағдарламада Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының студенттерінен құрылған фольклорлық ансамблі мен Нұржан Жанпейісов бастаған өнер саңлақтары мен жас өнерпаздар қазақ халқының ел мен жер, отан туралы дәстүрлі ән-күйлерін, халық әндері мен терме-толғауларын орындап, үлкен залға жиналған көрермен қауымның ризашылығына бөленді. Сондай-ақ концертте халық әндерімен бірге Кенен Әзірбаевтің, Ақан Серінің, Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары көрермен назарына ұсынылды.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өнерлі студент жстар қойған  концертке келемін дегендерге есік ашық болды. Бұл шараны ұйымдастырушылар осындай бағдарламаны алдағы уақытта да

жалғастыратындарын айтты.     

.

Алтынорда

[:]