АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Қайыржан ТӨРЕЖАН. Мәңгілік елдің тілі де мәңгілік[:]

[:ru]

325 жұлдызды күн жобасын іске асыру аясында Алматы қаласындағы Достық үйінде «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» тақырыбында жастар арасында қазақ тілінде шығарма жазудан «Ұлы Дала Елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты жалпыреспубликалық байқау өтті.

Қазақстанда тұратын көптеген ұлт өкілдерінің қазақ тілінде шығарма жазып, байқауға қатысуы бірінші рет емес. Бұл республикалық шараға этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен мүшелері, этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік сыныптардың оқушылары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының, М.Тынышпаев атындағы көлік және коммуникация академиясының оқытушылары мен студенттері, Алматы қаласындағы орта мектеп оқушылары, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының және БАҚ өкілдері қатысты. Республикалық байқауды ұйымдастырушылар – Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы, Дрстық үйінің қызметін қамтамасыз ету қызметі, Алматы әкімдігі аппаратының «Қоғамдық келісім» кеңесі.

 «Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың перзенті. Ендеше Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел!» деп Мемлекет басшысы атап көрсеткендей тәуелсіздіктің тұрақтылығы мен мәңгілігі келер ұрпақтың соны жете түсінуіне байланысты болмақ. Рсыны болашақ ұрпақтың бойына егіп, жетесіне жеткізу бүгінгі біздің міндетіміз. Сол үшін мектептерде «Тіл — өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем» тақырыбында тіл мерекесі, «Ана тілім — асыл мұра» тақырыбында апталық, «Тіл – Тәуелсіздік тірегі», «Тіл — халық тарихы», «Ана тілім – дана тілім, бақ тілім» ұлт жаны», «Тілім менің ертеңім», «Тіл тағдыры — ел тағдыры», «Тіл мәдениеті — адамдық мәдениеттің бөлшегі», «Тіл – қымбат қазына» деген тақырыптарда қазақ тілін дамытуға байланысты әртүрлі шаралар өткізілуде.

Сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс жөніндегі комитетінің қолдауымен Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы РМКҚ Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Х республикалық «Тіл – парасат» байқауын ұйымдастырып, жүзден жүйрік шыққандарды марапаттады. Бұл шараның ерекшелігі – Тәуелсіз Қазақ елінде өмір сүріп, білім алып жүрген ұлты орыс жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын ұлғайту, қазақ тілін еркін меңгерген орыс жастарын көтермелеу, олардың мемлекеттік тілге деген құрметі мен көзқарастарын қалыптастырып, тіл мәдениетінің деңгейі мен беделін арттыру.

Республикалық бұл байқауға әр аймақта яғни облыстарда өткізілген тіл байқауында өзінің білімі мен біліктілігін дәлелдеген, қазақ тілін терең меңгерген өзге ұлттардың қыз-жігіттері қатысуға мүмкіндік алған. Сөйтіп, «Тіл – парасат» республикалық байқауына әр облыстан 18 бен 22 жас аралығындағы мемлекеттік тілді жете меңгерген жастар келіпті. Олардың арасында Кристина Червинская (Ақтөбе облысы), Ильнур Степанов (Астана қаласы), Анастасия Павлюк (Павлодар облысы), Галина Жукова (Солтүстік Қазақстан облысы), Надежда Кастенко (Жамбыл облысы), Виктор Татаржицкий (Қостанай облысы), Кирилл Денисов (Қызылорда облысы), Кристина Гончарова (Алматы облысы),  Оксана Драчева (Алматы қаласы), Алина Гагарина (Қарағанды облысы), Мария Масимова (Шығыс Қазақстан облысы), Алена Солопова (Ақмола облысы) сияқты мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, қазақша сауатты жаза білетін жастар бар.

     Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті өнер және мәдениет бөлімінің профессоры Алпысбай Көпбаев жетекшілік еткен әділ қазылар  алқасы еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығы торқалы тойы қарсаңында өткізілген «Тіл – парасат» оныншы республикалық байқауының ақтық сайысына қатысып, өз өнерлерін ортаға салған жастарға әділік қазылық етті. Ақтық мәреге жеткен байқауға қатысушы қыз-жігіттер өздерінің Қазақ елінің тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ мемлекеттік тілді жетік меңгергендіктерін айқын дәлелдей білді. Қазылар алқасы ұл-қыздардың білімі мен білігін жоғары бағалап, олардың барлығын бағалы сыйлықтармен және ескерткіш естеліктермен марапаттады.

.

Алтынорда

[:]