АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Қайыржан ТӨРЕЖАН. ЖЕЛТОҚСАНДЫҚТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ[:]

[:ru]

f6dd4b45-3345-4bd1-8aac-9929465c375a_mw8001986 жылғы Желтоқсан оқиғасына 30 жыл толуына байланысты Алматы қаласы Түркістан ауданындағы «АЗМК» (Алматы көпір конструкциясы зауыты) кәсіпорынында Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу ұйымдастырылды.

1986 жылы 16-шы желтоқсанда Алматыда 18 минутқа созылған төтенше пленум өтті. Нәтижесінде Қонаев Қазақстан Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан алынып, орнына Колбин тағайындалды. Дәл осы оқиғадан кейін жастар бірден алаңға наразылықтарын білдіруге шықты. 1986 жылы желтоқсандықтардың мұзға жаққан алауы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды, деп айтып жүрміз. Сондықтан бұған біз ұлы тарихи оқиға ретінде қарауымыз керек. Бүгінгі кездесуде осы екі тарихи оқиғалардың бір-бірімен тығыз байланыстығы екендігі айтылды.
Түрксіб ауданының әкімдігі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30-жылдығына байланысты еңбек ұжымдарында, кәсіпорындардың жұмысшыларымен, әскери бөлімдердің қызметкерлерімен, жоғары және орта арнай оқу орындарындағы студенттермен, медициналық ұйымдарда және жалпы білім беру мектептерінде жиындар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, кездесулер өткізіп тұрады. Бүгін Түрксіб аудандық әкімдігі 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушыларының «АЗМК» ЖШС кәсіпорыны еңбек ұжымымен кездесуін ұйымдастырды. Кездесуге «Желтоқсан қоғамы» қоғамдық бірлестігі, республикалық «Желтоқсан-86 -Тәуелсіздік қырандары», «Халық қаһармандары қозғалысы» қоғамдық бірлестіктері сияқты бірқатар қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
– Осындай щаралар Желтоқсан оқиғасының 30 жылдық қарсаңында Алматы қалалық әкімшілігінің ұйымдастыруымен жиі ұйымдастырылуда. Қаланың әр аудандарында оқушылар, студенттер, жұмысшы жастар желтоқсандықтармен кездесулер өткізеді, әртүрлі сұрақтар қояды, пікір алысады. Мұндай кездесулер жастарды патриотизмге тәрбиелейді, — дейді Желтоқсан оқиғасына қатысушы Аманғазы Кәріпжантегі.
Кездесу барысында «АЗМК» кәсіпорыны басшылығы кіріспе сөз сөйлеп, Желтоқсан оқиғасы туралы жиналған жастарға түсіндіріп өтті. Желтоқсан оқиғасына қатысушылар да отыз жыл бұрын болған осы оқиға туралы естеліктерін, пікірлерін ортаға салды. Кездесуге жиналған жұрт арнайы жасалған «Желтоқсан — 1986» фотокөрмесін тамашалады. Кездесудің арты ауданның шығармашылық ұжымдарының қатысуымен көрсетілген үлкен концертке ұласты.
Желтоқсанның 30 жылдығы қарсаңында Алматы көпір конструкциясы зауыты кәсіпорынында өткізілген кездесу оқушы, студент жастарды патриоттық рух пен отан сүйгіштікке баулуға бағытталған шаралардың бірі. Конференцияның қонағы болған желтоқсандықтар көпшілік алдында кеңес өкіметі кезінде бастап кешкен деректерді келтіріп өз ойларымен бөлісті. Мұндай шааралар алдағы уақытта жалғасын табады.

Алтынорда

[:]