АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Есікте бойжеткенді зорлағандардың туыстары соттағы дөрекілігі үшін жазасын алды[:]

[:kz]

8786e5fd-5f2f-4949-a61e-5ad2f458d825_w987_r1_sАлматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының соты Есікте бойжеткенді зорлағандардың туыстарын соттағы дөрекілігі үшін жазалады деп хабарлайды NUR.KZ порталы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалымбетов пен Мырзабеков кіші бұзақылыққа кінәлі деп табылды. 2016 жылдың 28 қарашасында олар сот үкімін ести салып, сот өкілдері мен полицейлерге балағат сөз жаудырған. Қоғамдық тәртіпті бұзған азаматтарға сот 21 210 теңге айыппұл төлеуді міндеттеді.Айыпталушылар өз кінәсін толықтай мойындап, айыппұлды төледі.

Еске салсақ, 28 қараша күні Есікте бойжеткенді жабылып зорлаған төрт жігіт сотталып кеткен болатын. Айыпталуышлар сегіз жылдан он жылға дейін бас бостандықтарынан айырылды

www.nur.kz

[:]