[:kz]
Дәстүрлі әндерді орындайтын «Қоңыр» тобында өзгерістер орын алды. Жазира Қошанова тұрмысқа шығуына байланысты топтан кететіндігін өзінің инстаграм парақшасында жариялады. «Маған да оңай тиіп жүрген жоқ. Уакыт жақындаған сайын бір қимастықтың күшейіп жатқаны рас. Барлығы өмір заңы» деп жазған еді әнші. Жазираның «Қоңырдан» кетуіне байланысты топ продюсері қыздар арасында байқау жариялады. Аталмыш топтың солистері бірнеше аспапта ойнай алады. Оның ішінде Жазира да құр алақан емес. Ол домбыра, қобыз, гитара және фортепианода ойнай алады. «Қоңыр» тобы 2007 жылы құрылған.
«Қамшы» сілтейді
http://qamshy.kz/home/show/14096
[:]