АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]“Үздік ұстаз” қызын ренжіткен оқушыны аяусыз ұрып тастады[:]

[:kz]

825392Алматы облысы, Іле ауданындағы беделді ұстаздардың қатарынан саналатын Мира Мәмедәлиева оқушы баланы аяусыз ұрып тастағаннан кейін жұмысынан қуылды.

 

Фото: Саид Царнаев

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Оқиға 23 желтоқсан күні болғанына қарамастан, желіге 8 қаңтар күні шыққан.

№9 орта мектеп директоры Мира Мәмедәлиеваны жұмыстан босату туралы шешімді оқиға болған күннің ертеңіне шығарған.

“Оқушыны ұру оқиғасы 23 желтоқсан күні кешке сабақ үстінде болған. Ол бала Мәмедәлиеваның қызына қол көтерген. Бала – ол қызбен бір сыныпта оқиды. Сыныптан жылап шығып кеткен қыз, бірден анасына барған. Осы мектепте химиядан сабақ беретін Мәмедәлиева сыныпқа кіріп барып, бірден оқушының жағасына жармасқан. Мен шешімді өзім қабылдадым. Оқиғаны мен ертеңіне естідім. Баланың анасы келіп видеоны көрсеткен соң, бірден мұғалім әйелді жұмыстан босаттым”, – деді директор

Оның сөзінше, мұғалім әйел өз кінәсін мойындаған. “Ол өз кінәсін мойындады. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналардың алдында кешірім сұрады”, – деп атап өтті директор.

Сондай-ақ, мектеп басшысы Мәмедәлиеваның мектепте бұрыннан істейтінін әрі тәжірибесі өте мол маман екенін айтты.

“Оның шәкірттері үнемі облыстық олимпиадалардан жүлделі орын алып, жобаларын сәтті қорғап жүр. Ол өзі де үнемі аудандық олимпиадалардың тұрақты бағалаушысы әрі ҰБТ комиссияның мүшесі. Аудан бойынша үздік химия мұғалімі,” – дейді директор.

Қазіргі таңда оқытушының ерсі әрекеті құқық қорғау органдарының да назарына ілінген. Оған қатысты “денсаулыққа әдейі орта ауыр жағдайдағы зиян келтіру” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

stan.kz

[:]