АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Байбек Универсиада кезінде Алматыға кіруге шектеу қойылатыны туралы айтты[:]

[:kz]

images (2)Алматы әкімі Бауыржан Байбек Универсиада кезінде қалаға кіретін жолдарда шектеу қойылатыны туралы мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

«Барлық құқық қорғау органдары мен қызметтер әлеуметтік шиеленістердің алдын алу үшін тиімді әрекеттестік жасап, мониторинг жасап отырады. Алматы облысымен бірлесе отырып қалаға техникалық, санитарлық және экологиялық нормаға сай емес көліктерге шектеу қою бойынша шаралар жүргізіледі», — деді қала басшысы.

Оның айтуынша, 29 қаңтар мен 8 ақпанда, яғни екі күнде 9 ірі базар жабық болады. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен қала қонақтарының қолайлы жағдай жасау үшін оқушыларға қосымша демалыс беріледі. Бұл қала көшелеріндегі көліктер қозғалысының 30 пайызын алады. Сонымен қатар, бұл шара арқылы ата-аналар балаларымен студенттік спорттық ойындарды және түрлі мәдени шараларды тамашалай алады.

 

Әкімнің айтуынша, Универсиада ойындарына арналған барлық 7 ғимаратта коммуналдық қызметтер кезекшілікте болады. «Ауа райының қолайсыз болған жағдайында әрекет ету жоспары жасалған. 53 бригада, 200 техника мен 375 қызметкер тәулік бойы күзетте болады. Резервті электр қуаты жасақталды. 20 қаңтардан 10 ақпанға дейін жоспарланған жер шаруашылығына байланысты жұмыстар тоқтатылады. Жалпы алғанда барлық қызмет Универсиаданы өткізуге күш салуға жұмылдырылған», — деп қорытындылады әкім өз сөзін.

[:]