[:kz]
1999 жылы ақпандағы шынайы оқиғаға негізделген кітап жарық көрді. Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Кәрімовке қастандық жасалмақ болғаны жайлы роман жарық көрді, деп хабарлайды Sputnik. Авторы өзбек жазушысы Акбар Мырзаның әдеби туындысы да солай аталады – «Суикасд» («Қастандық»). Бүгін Өзбекстанның бас қаласында бұл кітаптың презентациясы өтті. Роман 1999 жылы ақпанда уаһһабшылар Ташкентте террористикалық шабуылға дайындалып жүрген кездегі шынайы оқиғаға негізделген. Олардың нысандарының бірі президент Кәрімов болған. Сюжет ауыр сынақтарды басынан өткізіп, өз-өзін байсалды ұстай білген ержүрек мемлекет басшысының образын баяндайды. Автор кітапта бұл қылмыстың қалай ашылғанын, тергеу барысында құқық қорғау органдарының қалай ширақ әрі нақты әрекет еткені жайлы айтқан. Романда көптеген ұмытылмас образдар қалыптасқан.
«Қамшы» сілтейді
http://qamshy.kz/home/show/15005
[:]