[:kz]
Сенатор Дархан Калетаев Назарбаевтың есімін елордаға және еліміздегі нысандарға беруді заманауи әрі маңызды идея деп ойлайтынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «2008 жылы Астана халықаралық әуежайына Тұңғыш Президенттің есімін беру туралы ұсыныстар айтылды. Бұл ұсыныс қоғамда кеңінен талқыланды. Меніңше, халық бұл ұсынысты қолдады. Әріптестеріміздің Назарбаевтың есімін елордаға және еліміздің нысандарына беру туралы ұсынысы қазіргі уақытта заманауи әрі маңызды болып саналады», — деді Мәжіліс депутаты Павел Казанцев. «Қазақстан Президентінің мемлекетімізді салуға қосқан үлесін бекіту туралы ұсыныстар қоғамда белсенді түрде талқыланды. Және мен, бұрынғы Целиноградтың тұрғыны және заманауи Астананың тұрғыны ретінде бұл ұсыныс Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін салған адамның символы болады деп санаймын», — деді мәжілісмен. Айта кетейік, осыған дейін депутат Бақытгүл Хаменова Астана әуежайына Назарбаевтың есімін беру туралы ұсыныстардың болғанын айтқан еді. «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияда біз еліміздің Конституциясына Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетімізді салуға қосқан үлесін айтып, сондай-ақ, елордаға және еліміздің басқа да маңызды нысандарына Елбасының есімін беру туралы ұсыныс айтқан болатынбыз. Конституциялық реформаның жобасын бүкілхалықтық талқылауға салу барысында азаматтарымыз осы ұсынысты қолдайтыны жайлы пікір білдірген еді. Тұңғыш Президентіміздің есімін Астана халықаралық әуежайына және басқа да нысандар мен кәсіпорындарға беру туралы ұсыныстар айтылды», — деген еді депутат Хаменова.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz
[:]