АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қайрат Түнтековтің өз тағдыры жайлы клипі тыңдармандардың жүрегін елжіретті (видео)[:]

[:kz]

  1. tuntekov-kayrat-ushkan-bagym-1Миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған әнші Қайрат Түнтеков сахнаға қайта оралды. Әнші “Ұшқан бағым” атты әнге бейнебаян түсіріп, ел назарына ұсынды.

  2. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

    Қайрат Түнтеков 4 жыл үзілістен кейін шығармашылығына білек сыбана кірісті. Жуырда ол өмірін өзгерткен жол апатынан кейін алғаш рет сұхбат беріп, басынан өткен қиындықтары жайлы айтты.

    Сондай-ақ, бүгін ғана жарыққа шыққан бейнебаяны туралы әңгімеледі.

    “Мен адамның өзгеше тағдырын көрсеткім келді. Әр адамның тағдыры әртүрлі болса да, тыңдармандарға бізбен болып жатқан жайттың барлығы елес екенін жеткізу – мақсатым. “Ұшқан бағым” деген атауының өзі көп нәрсені аңғартып тұр. Ол – менің тағдырым. Бұл мені ел алдында масқара еткендегі бастан кешкенім. Осы уақыт аралығында қанша нәрсе істер едім, бірақ мені тоқтатып, артқа қарай тартты. Ақырында мен жындыханаға түсемін, яғни менің бейнебаяндағы кейіпкерім. Мен шынында да осындай жағдайға жетуім мүмкін еді, сондықтан да бұл менің тағдырым деп отырмын. Бұл әнді шығару үшін екі жыл жұмыс істедім, оған бар жанымды салдым. Бұл ретте маған досым, композитор Айса көмек көрсетті”, – деген еді Қайрат “Время” газетіне берген сұхбатында.

    Иә, осылайша Қайрат тыңдармандарымен қайта қауышты. Оның даусын сағына да зарыға күткен жанкүйерлер Қайратқа ақ тілектерін жолдап, Димаш сияқты биіктен көрінуін тіледі. Ал бейнебаянды өте жоғары бағалады.

    “Басқа клиптерге ұқсамайтын ерекше клип болыпты. Құтты болсын”, “Тым ұзақ күттім ғой”, “Мына дауысқа ғашықпын”, “Бейнеклип керемет, сапасы, идеясы өте жоғары, өлең де құлаққа жағымды”, “Керемет, өте әсерлі, сапалы клип. Ешқайда жоғалма. Біз сені жақсы көреміз. Осы клипті көп күттім. Осы жолдан тайма”, “Қайта оралуыңмен, Қайрат. Саған тек сәттілік тілейміз”, “Неге екенін түсінбедім, жылағым келді бұл клипті көргенде. Қайраттың дауысын сағынып қалыппыз. Тек алға, Қайрат!” – дейді тыңдармандар.

    stan.kz/

[:]