АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Үш биді қорлаған қытай заң алдында жауап берсін! (фото)[:]

[:kz]

7-840x420

“Мынау қытай азаматы екен. Күллі Қазақ қадір тұтатын үш бидің кеудесін арам аяғымен басып, саусақтарын шошайтып тұр. Қытайдың қолын бұлай көрсетуі – жеңіс белгісін білдіреді.
Демек, “жауладым, жеңдім, маған не істейсің!” дегенге саяды. 

Ешқандай ұлт араздығын қозғау ойымда жоқ.

Бірақ, құзырлы мекемелер мына адамды тауып, қытай елшілігі арқылы қатаң шара қолданбаса, ертеңгі әңгімені жинастыру қиынға соғады.

кытай-ескерткішАз күннен соң басталатын Экспо-2017 көрмесі кезінде мұндай қытайдың неше жүз мыңы келеді. Бұлардың ішінен мәдениеті төмен, кеудесіне нан піскен, тойынған талайы шығады. Олар ертең Абылай ханның, Кенесарының, Қабанбай, Бөгенбайдың ескерткішіне шығып, мойынына мінбесіне ешкім кепілдік бере алмайды.

Ағайындар, ұлыларымызды қорлаған қытай заң алдында жауап берсін!” деп жазыпты журналист бұл ретте.

 

[:]