[:kz]
Еліміздің Ұлттық экономика министрлігін бар-жоғы 6 ай басқарған Қуандық Бишімбаевтың биылғы қаңтар айында қамауға алынғаны белгілі.
Оған бұрынғы қызметінде жүргенде («Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы болған кезінде) аса қомақты мөлшерде пара алған деген айып тағылған болатын. Алайда ол өзіне тағылған айыпты мойындамай отыр. Бұл жөнінде арнайы өткізілген баспасөз мәслихатында оның қорғаушысы Сәлімжан Мусин мәлім етті.
«Қ.Бишімбаевтың пара алғанын растайтын нақты дәйектер, қылмыс жасағанын дәлелдейтін негізгі айғақ жоқ. Ол өзіне тағылған айыпты тергеу барысында да мойындамады», – деді С.Мусин аталған баспасөз мәслихатында.
Н. ӘБДІ
Zamana.kz
[:]