АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Астанада өртенген элиталық үйдің тұрғындарын полицейлер құтқарып қалды[:]

[:kz]

pozhar_v_dome898Отқа оранған Есілдің сол жағалауындағы “Лазурный квартал” деп аталатын элиталық кешен. Әншейінде келіп болмайтын “101” қызметі 4 минутта жетіп, қызыл жалыннан адамдарды зорға алып шыққан. Бұл туралы КТК хабарлайды.

Тілсіз жау тапа-тал түсте үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінен тұтанған. Соның кесірінен 14 қабатты үйдің тұрғындарына далаға қашып шығуына тура келді. Бір айта кетерлігі түгі қалмай өртенген пәтердің астында балабақша орналасқан. Қайта ұл-қыздар дер кезінде тысқа шығарылды.

Ал үй ішінде жалғыз қалған мүгедек қариялар болыпты. Оларды құтқарушылар келмей тұрып, төтенше жағдай болған жерде кезекшілік етіп жүрген полицейлер көтеріп алып шықты.

“Мені алтыншы қабаттан көтеріп түсірді. Әтпесе мен түсе алмаушы едім. Рахмет балаларға рахмет. Арқалап тұрып жерге түсірді”, – деді Астана қаласының тұрғыны Шәрипа Смаилова.

Источник: Stan.kz

[:]