[:kz]
Әйелдердің құқығы бүгінгі таңда көп таластар мен пікірлер тудыратын шиеленісті мәселе. Қоғамда феменистік көзқарастағы әйелдер қауымы көбейіп келеді. Ер азаматтарға деген сенімсіздік пен қорқыныш осыған себеп болып отыр. Күнделікті өмірде, жаңалықтардан әйелдерге жасалатын тұрмыстық зомбылық турасында көп естиміз, тіпті көзбен көріп жатамыз. Статистикаға сүйенсек әлемде 35% әйел күйеулерінің тарапынан зорлық әрекеттерінің құрбаны болып жатады. Осындай жағдайлармен бетпе-бет келеді. Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі түрлі елдерден 24 мың әйелден алынған сауалнама нәтижесінде әйел зорлығы 15% деп анықтады. Қыздар мен әйелдер зорлығы үлкен қиындықтар туғызатын қоғам мен отбасы дамуына зардап әкелетін өте нәзік мәселе. Әлемде 603 миллион әйел отбасындағы зорлық қылмыс болып есептелмейтін елдерде тұрады. Әлемдік статистика бойынша, 10 әйелдің 6-ауы физикалық немесе жыныстық зорлықтың құрбаны болады. Жақында ғана осындай зорлық әрекеті АҚШ-тың Огайо штатында көрініс тапқан. «Макдональдс» фастфуд рестораны қызметкерлері сұмдық жағдайға куә болған деп жазады Қамшы ақпараттық агенттігі. Ресторан алдына ішіне балалар лық толған машина тоқтап, қолында баласы бар әбден шошынып қалған әйел қызметкерлер көзіне түскен. Ол көлік орындығынан секіріп түсіп баласын таныс емес қызметкерлерге ұсына бастаған. Сол кезде қасындағы серігі оны қуып жетіп көлік ішіне зорлықпен кіргізіп көлікті айдап кеткен. Макдональдс қызметкерлері әйелдің тек айқайлаған даусын ғана естіп үлгерген. Балалы әйел оларға құтқару қызметіне хабарласуын өтініп үлгерген. Кейінірек, көліктің ішінде көп балалы Джессика Уилсон мен оның кішкене ұлының әкесі Кроссти Левински болғандығы анықталды. Ол Джессиканың пәтеріне қалаған уақытында келіп оны опасыздық үшін кінәлап ұрып соғатындығы белгілі болған. Оны әйелдің денесіндегі жарақаттар мен көгерген іздер,кесілген денесі дәлелдеген. Осы оқиғадан кейін Левински ұсталып 20 жылға бас бостандығынан айырылған. Шығыс елдерінің бір қатарында әйел құқығының төмендеп кетуі мен сол елдердің нәзік жандыларының зомбылыққа жиі кезігетініне байланысты БҰҰ тарапынан гендерлік теңдік мәселесі көтерілді. Оның мақсаты Ливия, Пәкістан, Сирия сияқты бірқатар елдерде әйел құқығын көтеру болды. Тек қана аталған елдер емес бүкіл әлемде тұрмыстық зорлық күн сайын орын алуда. Бір Ресейдің өзінде бір жылда 14000 әйел зорлық зомбылық әрекеттерінен қаза тапқан. Ал Қазақстан «Cato Institute» ұйымының 2016 жылғы рейтингісінде әйелдерді зорлықтан қорғау бойынша алғашқы ондыққа кірген.
Дайындаған: Назерке МҰСА
http://qamshy.kz/home/show/19395
[:]