АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бір мұсылман ауызашарда болдым десе одан жаман адам жоқ …[:]

[:kz]

photo_102772Ауызашардамын деген бір пост көрмедім, бірақ ораза туралы жазбаңдар деген он пост көрдім депті бір жігіт. Шынымен де бірте-бірте бұлар ораза деген сөз айтқаның үшін жабылып ұратын сияқты ғой. Жаңа жыл келді деп жұрт жасаған салатын, алған сыйлығын осында салып жатады. Қонақта отырғанын, шыршаның жанында тұрған баласының суретін салады. Оған бірдеңе деп жатқан адам көрмедік. Ал бір мұсылман ауызашарда болдым десе одан жаман адам жоқ. Показуха болады да қалады. Бəрі жабылып төпелеп, маңдайына «рияшыл» деген мөрін басып береді. Негізінде парыз ораза (рамазан) жария, нəпіл ораза (басқа кездердегі) жасырын болады. Ораза ұстаушы бауырларым, осыларға ерегіскенде күнде тарауихтан, ауызашардан сурет, тікелей эфир жіберіп отырыңдар. Мешіттегі күнде кешкісін қайнап жатқан өмірді көріп қызықсын жұрт. Көре алмағандар іші күйіп, тұз жаласын. Ненің рия, ненің шын екенін Алла ғана біледі. Мен де білемін деушілер ақымақтар. Омар р.а. «біз мұсылманның сыртқы кейпіне қарап қатынас жасаймыз, ішкі ниетіне кірмейміз, оны Алла біледі» деген. Баяғы аталарымыз мынадай іштарлықпен жазған посттарыңды көрсе бастарыңнан қамшымен тартып-тартып жіберер еді.

 

Әділет Ыбырай

Фейсбуктегі парақшасынан

/alashainasy.kz

[:]