[:kz]
ЭКСПО бастала салысымен жезөкшелер Астанада шет тілін меңгеріп алған. |
Сол себепті де алатын ақысының құнын қымбаттатып жіберіпті. Оларға жеңгетайлар да ашықтан ашық көмектесе бастаған деп жазады Stan.kz «Евразия» телеарнасына сілтеме жасап.
Астанадағы темір жол вокзалының маңында жезөкшелердің қызметін ұсынған қыз-келіншектерден аяқ алып жүру мүмкін емес. Қыз базары қызып тұр.
«Бізге қытайлар, түріктер келеді. Жезөкшелік қызмет көрсететін 1996, 1997 жылғы қазақ қыздары», – дейді жеңгетайдың бірі.
Ішкі істер қызметі ЭКСПО-ға байланысты қоғамдық тәртіпті ретке келтірдік деп есеп бергенімен, бәрі бәз баяғы қалпы. Өзгерген бір ғана нәрсе – жезөкшелер клиенттерін ренжітіп алмас үшін шет тілін меңгерген.
«Менде 4 қыз бар. Оларды ұсынуға ұялмайсыздар. Бәрі қазақ қыздар. Орысша біледі, ағылшын тіліне де түсіндіре алады. Бәрі әдемі қыздар», – дейді жеңгетай.
Елордаға келетін мың сан қонақтан дәмелі жезөкшелердің қызмет құны да шарықтап кеткен. Интимдік сайттардағы жарнамалар бойынша олардың бірқатарына қоңырау шалып көрдік.
«Бізде қытай тілін білетін қыздар бар. Бір түнге 150 мың теңге. Бір сағатқа 20 мың теңге», -дейді интимді қызмет көрсетушілер.
Вокзал маңындағылармен салыстырғанда интернет жарнамалардағы қыздардың қызметі қымбат.
Біздің астарлы сұрақтарымыздан шырқы бұзылған жеңгетайлардың жайы полицей қызметкерлеріне де белгілі бола қалды. Камераның құдіретінен сескенген олар жұмыс істеген сыңай танытып, вокзал маңында қаптап кетті.
Ал, жуырда елордалық СПИД (ЖИТС) орталығы қаладағы жезөкшелердің венерологиялық ауруларға шалдыққанын жариялады.
Тәнін саудалағандарға елімізде ешқандай жаза жоқ. Олардың тек құжатын тексеріп, тіркеуге қойғаннан басқа заңды шара қабылданбаған.
[:]